МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ

1. Авторлар материалдың редакцияға келіп түскендігі туралы растауды 7–10 күннің ішінде электронды хатпен алады (далалық зерттеулерді жүргізуге байланысты мерзімді есептемегенде).

2. Редакция төрт апта аралығында авторға(ларға) мақалаларға пікір беру қорытындысы, қайта жөндеу қажеттілігі және мақаланы жариялау жоспары туралы хабарлайды.

3. Редакция қойылған талаптарға, этикалық ережелер немесе журнал тақырыбына сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтару құқығына ие;

4. Мақала кері қайтарылған жағдайда редакция авторға(ларға) дәлелді қорытындысы бар хат жібереді.

5. Редакция келіп түскен материалдарға ғылыми және стилистикалық редакциялауды, автор(лармен) өзгертулер жөніндегі барлық әрекеттерімен келісе отырып жүзеге асыра алады.

6. Материал баспаға қабылданғаннан кейн оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Егер автор қандайда бір өзгерту енгізуі қажет болған жағдайда, материал журналдың келесі санында жариялау үшін кейінге қалдырылуы мүмкін.

7. Материалдың кезекті санға келіп түскен күні ретінде мақаланың соңғы нұсқасын редактор қабылдаған күннен есептелінеді.

8. Журналдың электрондық нұсқасы журналдың сайтында қолжетімді.