Бас редактор

Ақан Оңғарұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

«Қазақстан археологиясы» журналының бас редакторының ғылыми қызығушылығына ерте темір дәуіріндегі далалық Еуразияның археологиялық мәдениетін зерттеу мәселесі, атап айтқанда, жерлеу ескерткіштерінің құрылымдық ерекшеліктері мен онда атқарылған ғұрыптар, дүниетаным, палеоархитектура, ат әбзелі, қару-жарақ пен әскери іс, көне мәдени қатынас, палеоэкономика, ежелгі технология, өнер және т.б. аспектілер енеді. Сонымен қатар ғалымның зерттеуінде «Еуразиялық хуннулар мен ғұндар», «Қазақстанның материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау, қорғау және насихаттау» сынды өзекті мәселелер айрықша орын алады.

Ақан Оңғарұлы 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің магистратурасын «Археология және этнология» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Ғылымдағы жолы 1997 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының З. Самашев жетекшілік еткен халықаралық экспедициясының Майемер жазығындағы ерте сақ кезеңінің ескерткіштерін зерттеуден басталды. Студенттік шақтан бастап Қазақ Алтайы ежелгі тұрғындарының заттай және рухани мәдениетінің теңдессіз жауһарлары табылған Берел обаларын зерттеу жұмысына тікелей қатысты. Сол жылдары жинақтаған тәжірибе археологтың басты ғылыми ұстанымының қалыптасуына әсер етті, әсіресе зерттеуде пәнаралық әдістерді қолдану мен кандидаттық диссертацияны жазу мен қорғауда негіз болды.

Бүгінде Ақан Оңғарұлы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұжымын басқарып отыр. Оның жетекшілігімен іргелі ғылыми зерттеу мен бірнеше бағдарламалық-нысаналы жобалар жүзеге асырылуда. Оған қоса қабылданған стратегияға сәйкес Институт отандық және шетелдік ғылыми зерттеу орталықтары, университеттер, музейлер және басқа да мекемелермен өзара тығыз байланыс орнатуға мүдделі.

Ғалымның жүргізген зерттеулерінің нәтижелері мен алынған қорытындылары отандық және шетелдік 100-ден астам жарияланымда жарық көрді.

«Қазақстан археологиясы» журналының бас редакторы жайлы толық ақпаратты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының интернет парақшасынан алуға болады URL: https://archeo.kz/ru/sotrudniki/44/

Электрондық поштасы: onggaruly.a@gmail.com