Мақалаларды кері қайтарып алу немесе түзету жөніндегі нұсқаулық

Халықаралық Баспа этикасы комитеті (COPE) мен ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының ұсыныстарына сәйкес, жарияланған ақпаратты түзету және оқырмандарға жарияланымның сенімді емес кемшіліктері немесе қате деректері бар екендігі туралы хабарлау механизмі ретракция деп түсініледі.

Редакциялық алқа мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, өзі-өзінен плагиат, авторлардың шамадан тыс өзін-өзі бағалауы, мүдделер қақтығысы белгілері бар мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақала жазу кезінде жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидалары бұзылған жағдайда, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқаның шешімі негізінде жарияланымның ретракциясын жүргізуге тиіс. Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция ХБЭК (СОРЕ) ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық және/немесе ғылыми этиканы бұзған жағдайда жарияланған мақалаларды алып тастауды (ретракция) жүзеге асырады.

Мақала мына жағдайларда кері қайтарылып алынады/алып тасталынады (ретрагирленеді):

- егер алынған деректер сенімсіз немесе заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;

- қолжазбаның басқа басылымда «Қазақстан археологиясы» журналында (Археология Казахстана; Kazakhstan archeology) жарияланғанға дейін жариялану фактісін анықтау;

- мақалада плагиатты анықтау, соның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.

- мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болуы, мысалы, есептеу немесе эксперимент қатесі;

- үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдардың пайда болуы;

- мақалада жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаларына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларда журналдың редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарып алынуы/алып тасталынуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін мақаланы ғылыми редактор растап, қол қоятын басылымнан кері тарту туралы акті жасалынады. Мақаланың хат-хабары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.

Осыдан кейін журнал сайтында мақаланың қайтарылып алынғаны/алынып тасталынғанының (ретрагирленген) себептері көрсетіледі. Редакция мақаланы алып қою (ретракция) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақаланы алып қою (ретракция) рәсімі жүргізілгеннен кейін ақпаратты журналдың келесі нөмірінде орналастырады.

«Қазақстан археологиясы» журналының редакциясы (Археология Казахстана; Kazakhstan archeology) жарияланған шығарылымдарда анықталған бұзушылықтар бойынша негізделген барлық өтініштерді жауапты, объективті және мұқият қарайды.

Редакция авторлар мен сын-пікір берушілердің материалды жариялағаннан кейін жіберілген қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға барынша жедел хабарлауды олардың жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.