ҚОЛЖАЗБАНЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕ

Мақала төлтума болуы қажет және бұрын жарияланған мақалаларды қайталау болмайды.

Мәтіннің көлемін құрайтындар (Мақаланы рәсімдеу үлгісін алдын ала қарап шығыңыз):

  • «Зерттеулер мен жарияланымдар» бөлімі үшін 15-40 мың белгі (ашық орындармен), онда таблицалар, әдебиеттер тізімімен, сурет асты жазуларымен және түйінді қоса есептегенде. Мақалада 8-10-нан аспайтын иллюстрациялар болуы қажет.
  • «Пікірталас» бөлімі үшін – 5–15 мың белгі. Мақалаға 5–8-ден аспайтын иллюстрациялар беріледі.
  • «Сын және библиография» – 15–20 мың белгі және 1 иллюстрация. Қандай да бір ғалымның еңбектерінің библиографиясын жасау үшін тек маңызды негізгі еңбектерін көрсету қажет (20–25 жұмыстан аспайтын).
  • «Хабар» бөлімі үшін – 15 мың белгі және 2–3 иллюстрация.

Мәтіндегі әдебиеттер мен дереккөздерге библиографиялық сілтемелер квадрат жақшада беріледі: автордың тегі аты-жөні көрсетілмей беріледі (біртектілердің жұмысынан басқасы) немесе қысқартылған атауы (егер басылымның авторы болмаса), шыққан жылы үтір арқылы беріліп, бетке, суретке және т.б. сілтеме жасалынады [Марғұлан 1948: 3; Ақышев К.А. 1978; Ақышев К.А., Ақышев А.К. 1997: 35].

Суреттерге сілтеме дөңгелек жақшамен, заттың орналасуы көлбеумен беріледі: сур. 1, 2; 2, 1). Суреттердің немесе таблицалардың көлемі мақаланың 1/3 мөлшерінен артпауы керек (Мәтін мен иллюстрацияларды рәсімдеу жөніндегі нұсқаулықты алдын ала қарап шығыңыз).

Мыналарды: табуляция құруға, сөздерді сиректетуге (сөз арасында, белгілер арасында тек бір ашық жол болуы қажет); жаңа жолдан бастау бөлініп көрсетіледі, автоматты жүйедегі командаларды (әдебиетке сілтеме қою, гиперсілтемелер мен ескертулер, таңбалау және жаңа жолдарды нөмірлеу және т.б.) пайдалануға; макростарды қолдануға, мәтінді үлгі түрінде және «тек оқу үшін» қойылымында сақтауға; мәтінді пішімдеуге және мәжбүрлі тасымал жасауға болмайды. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ – Халықаралық бірліктер жүйесіне сәйкес болуы қажет.

Әдебиеттер тізімі әліпбилік тәртіппен (автордың аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде беріледі. Алғашында кириллицада, содан кейін латинацада (ағылшын, неміс, француз және т.б) беріледі. Библиографиялық тізімді шұбыртпалы жасаудың (50-ге жуық) қажеті жоқ, автордың (авторлардың) өз жұмыстарына сілтеме 25%-ды ғана құрауы керек. Мәтіннің соңында қысқартулар тізімі көрсетілуі қажет.