Мақалаға пікір білдіру тәртібі
Авторлар материалдың редакцияға келіп түскендігі туралы растау алады (электронды почта арқылы). «Қазақстан археологиясы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалардың қолжазбасы (бұдан әрі – мақалалар) және ережелерге сай рәсімделгендері міндетті түрде ғылыми пікір беруге жіберіледі.
1. Редактор мақаланың журнал бейініне, рәсімдеу талаптарына сәйкестігін анықтайды және оны мақала тақырыбына жақын ғылыми мамандануы бар және соңғы 3 жыл ішінде осы тақырып бойынша жарияланымдары бар екі маманға: ішкі; сыртқы.
2. Сын-пікір беру құпия түрде жүргізіледі. Сын-пікір берушіге де, авторға да жеке мәліметтер және/немесе бір-бірінің ғылыми байланысы туралы ақпарат берілмейді (қос жақты соқыр шолу). Құпиялылықты бұзу Сын-пікір беруші мақалада баяндалған материалдардың дұрыс еместігі немесе бұрмалануы туралы мәлімдеген жағдайда ғана мүмкін болады.
3. Пікір беру мерзімі бір айдан астам уақытты алады. Редакция авторға берілген пікірдің қорытындысына қарай қолжазбаның қабылданғаны немесе кері қайтарылғаны, қайта өңдеу қажеттілігі туралы электронды почта арқылы хабарлайды.
4. Пікірде бірқатар талаптарды сақтау көрсетіледі:
а) мақала мазмұны мен оның тақырыбында көрсетілген атауына сәйкес келуі;
б) ғылымның соңғы жетістіктеріне сай болуы;
в) оқырмандарға стилі жағынан, материалдың, таблицалардың, диаграммалардың, суреттердің орналасуы ұғымды болуы;
г) қолжазбаны жариялау тақырып бойынша алдыңғы шыққан мақалаларды есептегенде ойға қонымды болуы;
д) жағымды жақтарының басым болуы, мақаланың кемшіліктерін анықтау, қолжазбаны түзету мен өңдеуге ұсыныстар беру.
5. Пікір беру жасырын түрде жүргізіледі. Пікір беруші пікір бланкісінің/үлгісінің барлық пункттерін толтырады. Пікірде редакциялық алқа үшін қорытынды беріледі («Редакциялық алқаға мақаланы журналда жариялауға ұсынамын…», «ұсынбаймын …») және оның авторы қолын қойып, мерзімін көрсетеді. Оның қолы автор жұмыс істейтін мекеменің мөрімен расталады.
Мақаланың алдағы тағдыры туралы негіздеумен берілген ұсыныстарда мыналар көрсетілуі мүмкін:
– мақала осы күйінде жариялауға ұсынылады;
– мақала көрсетілген кемшіліктерді түзеткеннен кейін ғана жариялауға ұсынылуы мүмкін;
– мақала қосымша басқа маманның пікір беруін қажет етеді;
– мақаланы журналда жариялауға болмайды.
6. Пікірдің мазмұны авторға/авторларға бас редактордың қолы қойылған электронды хат арқылы жеткізіледі. Құпиялылық пікір берушінің автормен байланысқа түскен жағдайда, пікір берушінің автормен әңгімелесуі барысында мақаланы түзету туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ мақалада жазылған материалдардың плагиат немесе бұрмалануы туралы пікір берушінің мәлімдеуі кезінде бұзылуы мүмкін.
7. Егер пікірде мақаланы жөндеу мен түзету керектігі айтылса, онда мақаланың жаңа нұсқасын дайындауда оларды ескеру немесе дәйектеу арқылы теріске шығару үшін пікірдің мәтіні авторға жіберіледі. Мақаланы түзету мерзімі – бір ай. Мақаланы қайта түзетуден бас тартқан жағдайда авторлар өзінің шешімі туралы редакцияға хабарлауы керек. Егер авторлар жөнделген нұсқаны пікір жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде кері қайтармаса, онда редакция оны жариялау жоспарынан алып тастайды. Авторларға жөндеуге берілген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаның есептен шығарылғандығы туралы хабар беріледі.
8. Мақала кері қайтарылған жағдайда авторға дәлелді қабыл алмауды және теріс пікірді жібереді. Пікір беруші жариялауға ұсыныс бермеген мақала қарауға қайта қабылданбайды.
9. Редакциялық алқа мақаланы жариялауға жіберу жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, авторға қабылданған шешім мен жарияланымның мерзімі туралы хабарланады.
10. Пікірдің түпнұсқасы редакциялық алқада немесе редакцияда бес жылға дейін сақталынады.
Ғылыми жарияланымдарға сын-пікір беру этикасы
– Пікір беру үрдісі объективті, коммерциялық қызығушылық танытулардан тәуелсіз және конъюнктуралық тұтынушылық сипат алмайды. Басымдылығы – зерттеудің ғылыми құндылығы, оның мазмұндылығы мен жаңашылдылығы, ғылыми этикаға сәйкестілігі;
– Берілген материалдарға сын-пікір беру үрдісі құпиялылық сипатта жүреді. Жарияланбаған материалдарды редакцияның, редакторлардың немесе сын-пікір берушілердің жеке өз қызығушылығына пайдалануына жол берілмейді;
– Пікір беруші жаияланымға берілген материалдар мен зерттеулер қорытындысы бойынша объективті, дәлелді, негізделген баға беруге міндетті; Автордың жеке басын сынауға жол берілмейді;
– Қолжазба авторы теріс пікір алған жағдайда оны жасырын түрде алады, егерде берілген материалдың негізделмеуі немесе бұрмалаушылықтары, плагиат анықталған жағдайдаларды есептемегенде;
– Пікір беруші қорытынды ретінде қолжазбаны бағалау өлшемдері берілген арнайы бланкіні толтырады. Пікірдің қорытынды бөлімінде қолжазбаның бағасы, ескертулер мен ұсыныстар беріледі.
– Пікір беруші қолжазбаны бағалауға біліктілігі жетпейтін болса, немесе объективті баға бере амайтын жағдайда редакторға хабар беруге тиісті;
– Қолжазбаға жағымды пікір алғаннан кейін ғана оны жариялауға жіберуге болатындығы туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.