АҚЫНЖАНОВ СЕРЖАН МҰСАТАЙҰЛЫ: туғанына 80 жыл толуына орай

Авторы

  • Тамара Владимировна Савельева

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.37.45

Түйін сөздер:

археология, С.М. Ақынжанов, қыпшақтар

Аннотация (түйіндеме)

Сержан Мұсатайұлы Ақынжанов 1939 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі де, екінші курстан соң М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің археология кафедрасына ауыстырылады. 1964 ж. Сержан Мұсатайұлы университеттің тарих факультетін «археология» мамандығы бойынша үздік бітіреді. Мамандық бойынша тәлімгері және дипломдық жұмысының жетекшісі танымал ғалым Л.Р. Кызласов болды. С.М. Ақынжанов Қазақ КСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасына түсіп, білім алуын одан әрі жалғастырады. 1968 ж. аспирантураны бітірген жас маман ҚазКСР ҒА ТАЭИ-ның ортағасырлар тарихы бөлімінде қалдырылады. 1969 ж. С.М. Ақынжанов археология бөліміне ауыстырылып, Отырар қаласын зерттеуге белсене араласады. 1973 ж. С.М. Ақынжанов «Қыпшақтар және олардың ХІ–ХІІІ ғғ. Хорезммен саяси қарым-қатынасы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғайды. 1984 жылдан бастап Сержан Мұсатайұлы археологиялық технологиялар лабораториясының меңгерушісі болды.

Библиографиялық сілтемелер

Akynzhan (Ahinzhanova), L. 2017. In. Beisenov, A. Z., Loman, V. G. (eds.). Arheologicheskoe nasledie Centralnogo Kazahstana: izuchenie i sohranenie (Archaeological heritage of Central Kazakhstan: study and protection), 1. Almaty: “Begazy-Tasmola” Publ., 181–185 (in Russian).

Baipakov, K. M. 2017. In. Beisenov, A. Z., Loman, V. G. (eds.). Arheologicheskoe nasledie Centralnogo Kazahstana: izuchenie i sohranenie (Archaeological heritage of Central Kazakhstan: study and protection), 1. Almaty: “Begazy-Tasmola” Publ., 174–180 (in Russian).

In Izvestiya NAN RK. Ser. obshchestv. Nauk (Proceedings of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan), 5 (191), 92 (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2019-09-16

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Савельева, Т. В. (2019). АҚЫНЖАНОВ СЕРЖАН МҰСАТАЙҰЛЫ: туғанына 80 жыл толуына орай. Қазақстан археологиясы, (3 (5), 37–45. https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.37.45

Выпуск

Бөлім

Ғылым тарихынан

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri