Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының есептік сессиясы жайында

Авторы

  • Гүлнар Сайынқызы Жұмабекова Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Алматы қ., Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.2.4.114.120

Түйін сөздер:

археология, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, есептік сессия, баяндамалар, пікір алмасу

Аннотация (түйіндеме)

2019 жылдың сәуір айының басында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының көп жылдарғы үзілістен кейін бірінеші рет есептік сессия өткізілді, мұнда 2018 жылғы далалық маусымда жүргізілген далалық зерттеу жетекшілерінің
баяндамалары тыңдалды. Жүргізілген жұмыстардың ауқымы палеолиттен бастап Жаңа кезеңге дейінгі хронологиялық кең шеңберді қамтиды. Зерттеулер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің мақсатты
бағдарлама мен гранттық қаржыландыру бойынша алдыға қойылған мақсатарды іске асыру шеңберінде жүргізілді. Ә.Х. Мағұлан атындағы Археология институты экспедициясының қызметкерлері Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында,
орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында орналасқан ескерткіштерде жұмыстар жүргізді. Далалық зерттеулер далалық және барлау-іздеу іс шараларын жоспарлады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тас және қола дәуірі, ерте темір ғасыры, ортағасырлар мен Жаңа кезең бойынша жаңа мәліметтер алынды. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының экспедиияларына Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Шымкент және басқа да қалалардың мамандары қатысты.
Сессияның соңында қабылданған қарардың негізгі пункті Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Алматы қаласында жыл сайынғы есептік сессияны өткізу дәстүрін жалғастыру шешімі болды.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-06-14

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Жұмабекова , Г. С. (2019). Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының есептік сессиясы жайында. Қазақстан археологиясы, (2 (4), 114–120. https://doi.org/10.52967/akz2019.2.4.114.120