В.К. Мерцтің “Павлодар Ертісінің материалдық мәдениетінің қысқаша тарихи дамуы” атты монографиясына сын-пікір. Павлодар: С. Т орайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2019. 142 б.

Авторы

  • Айман Медеуқызы Досымбаева .Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.2.4.105.113

Түйін сөздер:

археология, хронология, мұра, тас дәуірі, артефакт

Аннотация (түйіндеме)

Монография өңір аумағында орналасқан зерттелінген және кітап мазмұнда ұсынылған ескерткіштердің хронологиялық кезеңділігіне сәйкес келетін 11 тараудан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Ғылыми еңбекте 30 жылдық кезеңдегі, сондай-ақ бұрын республикалық және шетелдік басылымдарда жарияланған 200-ден астам мақалалардағы ғылыми ізденістердің қорытындысы берілген. Археологиялық ескерткіштерді кешенді зерттеудің негізгі нәтижелері монография авторының,
тәжірибелі және кәсіби ғалым Виктор Карлович Мерцтің, көп жылдар бойы Павлодар өңірінің аумағындағы ізденістері барысындағы ашқан жаңалықтары мен зерттеулеріне негізделеді.
Басылым авторының ғылыми танымының кеңдігі ескерткіштердің тұтас тобын зерттеуге ерекше көзқарасты қалыптастыра алғандығы басылым мәтінінде, графикалық, фотографиялық және картографиялық суреттердің егжей-тегжейлі орын-далуынан ерекше байқалады. Белгілі бір ескерткіштердің жатуының ландшафтық ерекшеліктерін тану және олардың құжаттық фотосуреттерімен бірге, олардың сипаттамасын беруі көпшілік оқырман қауымға белгілі бір дәуірдегі халықтың мәдени даму ерекшеліктерін таныстыру және түсінуге мол мүмкіндік береді.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-06-14

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Досымбаева , А. М. (2019). В.К. Мерцтің “Павлодар Ертісінің материалдық мәдениетінің қысқаша тарихи дамуы” атты монографиясына сын-пікір. Павлодар: С. Т орайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2019. 142 б. Қазақстан археологиясы, (2 (4), 105–113. https://doi.org/10.52967/akz2019.2.4.105.113

Выпуск

Бөлім

Сын және библиография