Николай Павлович Подушкин – ғалым, археолог, адам (туғанына 90 жылдығына орай)

Авторы

  • Александр Николаевич Подушкин

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.24.36

Түйін сөздер:

археология, Н.П. Подушкин, Оңтүстік Қазақстан, Абай атындағы Қазақ пединституты, археолог, мұғалім-педагог, экспедициялар

Аннотация (түйіндеме)

2019 ж. танымал археолог Н.П. Подушкинннің туылғанына 90 жыл толып отыр. Николай Павловичтің шығармашылық жолы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қабырғасында басталды. Алғашқы далалық тәжірибесі – А.Н. Бернштамның Оңтүстік Қазақстан архелогиялық экспедициясына қатысуы. Н.П. Подушкин Ә.Х. Марғұланның Орталық Қазақстан, И.И. Копыловтің, Е.И. Агееваның, К.А. Ақышевтің – Алматы маңындағы, сондай-ақ еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы экспедицияларда жұмыс істеді. Мақалада Н.П. Подушкиннің шығармашылығының негізгі кезеңдері – қарапайым жұмысшыдан ірі археологиялық экспедиция жетекшілігіне дейінгі қызметтері қысқаша айтылған. Н.П. Подушкиннің екінші бейімділігі – педагогикалық қызмет. 1956 жылдан бастап жұмыс істеген Шымкент педагогикалық институтында «Археология», «Тарихи өлкетану», «Ежелгі дүние тарихы» секілді негізгі пәндерді жүргізді. Н.П. Подушкин – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Мақаланың басты құндылығы Н.П. Подушкиннің «Зенит» фотоаппаратымен өзі түсірген сирек суреттермен қамтамасыз етілуі болып отыр. Николай Павловичті суретке түсіруге үйреткен А.Н. Бернштам экспедициясында бірге болған археология ғылымындағы жақсы танымал маман Л.И. Ремпель болатын.

Библиографиялық сілтемелер

Podushkin, N. P. 1970a. Rannie osedlye poseleniya Arysi (I–VIII v.v.) (Early settled settlements of Arys (I–VIII centuries)): thesis dis. Candidate of historical sciences. Alma-Ata: Ch.Ch. Valihanov History, Archeology and Ethnography Institute (in Russian).

Podushkin, N. P. 1970b. Rannie osedlye poseleniya Arysi (I–VIII v.v.) (Early settled settlements of Arys (I–VIII centuries)): Dissertation Candidate of historical sciences. Alma-Ata: Ch.Ch. Valihanov History, Archeology and Ethnography Institute (in Russian).

Podushkin, N. P. 1990. Arheologicheskie pamyatniki Chimkentskoy oblasti (Archaeological monuments of the Chimkent region). Chimkent (in Russian).

Podushkin, N. P., Podushkin, A. N. 2003. Ocherki po istorii i kulture Kazahstana (Essays on the history and culture of Kazakhstan). Almaty: “Kazakparat” Publ. (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2019-09-16

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Подушкин, А. Н. (2019). Николай Павлович Подушкин – ғалым, археолог, адам (туғанына 90 жылдығына орай). Қазақстан археологиясы, (3 (5), 24–36. https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.24.36

Выпуск

Бөлім

Ғылым тарихынан