АРХЕОЛОГ, ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ САҒЫНТАЙ СҰҢҒАТАЙ

Авторы

  • Меруерт Қуатқызы Әбусейітова Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты (Алматы қ., Қазақстан)
  • Жынымхан Ошан Р.Б. Сулейменов атындағы Шығыстану институты (Алматы қ., Қазақстан)

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.1.3.128.133

Түйін сөздер:

археология, С. Сұңғатай, археолог, шығыстанушы, экспедиция, аударма

Аннотация (түйіндеме)

Археолог, шығыстанушы Сағынтай Сұнғатай 2019 жылы 9 ақпанда қайтыс болды. Бірнеше тілде (қазақ, қытай, ұйғыр) еркін сөйлеген зерттеуші артына қомақты еңбектерін мұраға қалдырды. Ғылыми жұмысын 1990 жылдары Iлe өңірін ерте темір
дәуірінде қоныстанған халықтардың мәдениетін зерттеуден бастаған ол, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген кезде, өзінің тарихи Отанына оралуға атсалысты әрі ғылыми жұмысты өз елінде жалғастырды. Ол Қазақстан мен Қытайда көп жыл далалық жұмыстармен шұғылданды әрі үлкен тәжірибелер жинады. С. Сұңғатай саналы ғұмырында қытай-америкалық, қазақ-француздық, қазақ-француз-италиялық және ресейлік-қазақстандық қатарлы төрт үлкен халықаралық экспедицияға қатысуға мүмкіндік алды. Өмірінің соңғы жылдарында С. Сұңғатай ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында жұмыс істеді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, қытай, манжур, ойрат, шағатай тілдерінде жазылған Қазақ хандығының тарихына қатысты 3500-ден астам құжатты анықтауға өз үлесін қосты.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-03-20

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Әбусейітова, М. Қ., & Ошан, Ж. (2019). АРХЕОЛОГ, ШЫҒЫСТАНУШЫ ҒАЛЫМ САҒЫНТАЙ СҰҢҒАТАЙ. Қазақстан археологиясы, (1 (3), 128–133. https://doi.org/10.52967/akz2019.1.3.128.133