ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ЖОЛДАС БЕК ҚҰРМАНҚҰЛОВҚА 70 ЖЫЛ

Авторы

  • Альбина Ергешбайқызы Ержанова А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты (Алматық., Қазақстан)
  • Жанболат Раймқұлұлы Утубаев Институт археологии им. А.Х. Маргулана (г. Алматы, Казахстан)
  • Асемгуль Дауренқызы Касенова Институт археологии им. А.Х. Маргулана (г. Алматы, Казахстан)

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2018.1-2.1-2.328.336

Түйін сөздер:

археология, Ж. Құрманқұлов, экспедиция, институт, қола, сақ, тас мүсіндер, қоныс, қорым, тас бетіндегі суреттер, шәкірт

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Жолдасбек Құрманқұловтың өмір жолы, шығармашылық кезеңі мен өнегелі ұстаз ретінде тәрбиелеп отырған шәкірттері жайында сөз қозғалады. Жолдасбек Құрманқұлов студент кезінен археологиялық қазба жұмыстарына араласып, ғылым жолында сара жолын салған білікті ғалым. Ұйымдастырушылық қабілеті мен экспедиция уақытындағы қырағылығы жастарды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жетелегені айтылады. Көптеген қола, сақ кезеңі ескерткіштерін, сақ және қыпшақ уақытындағы тас мүсіндердің ашылуына, Орталық Қазақстан аймағындағы тас бетіндегі суреттердің тарихта өз орнын табуға септігін тигізген археолог ретінде баға беріледі. Ұлытау өңірінде орналасқан ертедегі металлургтердің қонысы Талдысайды, Теректі Әулие аймағындағы тас бетіндегі суреттерді, Ұлытау, Кішітау, Терісаққан аймағындағы қыпшақ және сақ кезеңіне жататын тас мүсініндерін зерттеп, зерделеуде. Сонымен қатар, Сырдарияның төменгі ағысындағы ескерткіштерді (Шірік рабат, Бәбіш мола, Баланды және т.б.) зерттеудегі ғылыми табыстары сөзге тиек болады.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2018-12-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Ержанова, А. Е., Утубаев, Ж. Р., & Касенова, А. Д. . (2018). ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – ЖОЛДАС БЕК ҚҰРМАНҚҰЛОВҚА 70 ЖЫЛ. Қазақстан археологиясы, (1-2), 328–336. https://doi.org/10.52967/akz2018.1-2.1-2.328.336