2021 жылы Ботай қонысында жүргізілген ғылыми-реставрациялық жұмыстарының нәтижелері

Авторы

  • Рустем Тұрарбекұлы Дарменов Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
  • Әзілхан Әуезханұлы Тәжекеев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Ыслам Серікұлы Құрманиязов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Жетесби Қанапияұлы Сұлтанжанов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.115.125

Түйін сөздер:

археология, қайта қалпына келтіру, Солтүстік Қазақстан, энеолит, Ботай, қымызхана

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы, Никольское ауылынанан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жерде Иман-бұрлық өзенінің оң жақ жағалауында орын тепкен энеолит дәуірінің ескерткіші Ботай қонысында жүргізілген ғылыми-реставрациялық жұмыстарының нәтижелері жарияланады. 2012–2014 жж. қазба жұмыстарының нәтижесінде Ботай қонысынан ашылған «Қымызхана» нысанында 2021 ж. реставрациялық жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты көп жылғы ізденістердің нәтижесінде, қазба жұмыстарынан алынған мәліметтер негізінінде Ботай үйлерін ашық аспан астындағы музейлендіру мәселесі бойынша алғашқы бастамасы болып отыр. Бұл археологиялық нысан қазба авторы В.Ф. Зайберттің ұсынысымен «Қымызхана» атауын алды, нысан қоныстың солтүстік бөлігіндегі жарқабақтың төбесінде орын тепкен. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына жергілікті шикізат көздері пайдаланылды, қазіргі таңда бой көтерген нысан келуші қонақтар мен туристерге көрсетілуде. Ботай қонысында жүргізілген алғашқы ғылыми реставрация жұмыстары Қазақстан аумағындағы соңғы тас дәуірінің тұрғын үй кешенін қалпына келтіру болып табылады. Сонымен қатар, осы бағыттағы жұмыстар қоныстың қорғау аймағын жасау және ашылған құрылыстарды сақтау, музейлендіру ісінің де алғашқы кезеңіне жатады.

Библиографиялық сілтемелер

Zaibert, V. F. 1985. In: Eneolit i bronzovyi vek Uralo-Irtyshskogo mezhdurechiya (Eneolithic and Bronze Age of the Ural-Irtysh interfluve). Chelyabinsk, 3-17 (in Russian).

Zaibert, V. F. 1993. Eneolit Uralo-Irtyshskogo mezhdurechiya (Eneolith of the Ural-Irtysh interfluve). Petropavlovsk (in Russian).

Zaibert, V. F. 2009. Botayskaya kultura (Botai culture). Almaty: “KazAkparat” Publ. (in Russian).

Zaibert, V. F. 2011. Botay u istokov stepnoy tsivilizatsii (Botai at the origins of the steppe civilization). Almaty: “Balausa” Publ. (in Kazakh, Russian, English).

Zaibert, V. F. 2013. In: Proceedings of the branch of the Margulan Institute of Archaeology. Astana, 20-30 (in Russian).

Zaibert, V. F. 2017. In: Madeniet (Culture), 1–2, 59-66 (in Russian).

Zaibert, V. F. 2020. Botai (Botai). Almaty: “Balausa” Publ. (in Kazakh, Russian, English).

Zaibert, V. F., Tyulebaev, A. Zh., Zadorozhny, A. V., Kulakov, Yu. V. 2007. Tayny drevney stepi (Secrets of the ancient steppe). Kokshetau: Kokshetau University (in Russian).

Zaibert, V. F., Tyulebaev, A. Zh., Magzumov, A. M. 2013. In: Proceedings of the branch of the Margulan Institute of Archaeology. Astana, 112-118 (in Russian).

Sandra Olsen, Bruce Bradley, David Maki, Alan Outram. 2006. In: Peterson, L. M., Popova, A. T. (eds.). Beyond the Steppe and the sown. Proceedings of the 2002 University of Chicago Conference on Eurasian Archaeology. Boston, 89-111 (in English).

Загрузки

Опубликован

2022-09-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Дарменов, Р., Тәжекеев, А., Құрманиязов, Ы., & Сұлтанжанов, Ж. (2022). 2021 жылы Ботай қонысында жүргізілген ғылыми-реставрациялық жұмыстарының нәтижелері. Қазақстан археологиясы, 17(3 (17), 115–125. https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.115.125

Выпуск

Бөлім

Пәнаралық зерттеулер