Марғұлан оқулары–2022

Авторы

  • Талғат Базарбайұлы Мамиров Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.158.161

Түйін сөздер:

археология, конференция, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, далалық зерттеулер

Аннотация (түйіндеме)

2022 ж.12–13 сәуір аралығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетімен бірлесе отырып, кезекті «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ,Әзірбайжан, Бельгия, Италия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Ұлыбританияныңбілім, ғылым және мәдениет мекемелерінің ғалымдары тікелей және қашықтан қатысты. Конференцияда 100-ден астам ғылыми баяндамалар тыңдалды, олар пленарлық отырыста және конференцияның үш секциясында ұсынылды. Баяндамалар Қазақстан мен көршілес елдердің археология ғылымының қазіргі жай-күйіне, мәселелері мен даму перспективаларына арналды. Конференция жұмысының маңызды бағыты Орталық Азия мен Қазақстанның археологиялық мұрасын зерттеу, сақтау және көпшілікке тарату саласындағы гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін интеграциялау болды.Конференция жұмысы аясында «Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі археология мен генетика мәліметтерін интеграциялау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шара барысында археолог-мамандар, антропологтар мен генетиктер бірлескен зерттеулер шеңберінде өзара әрекеттестік мәселелері мен перспективаларын талқылады, Қазақстанның палеогенетика саласындағы пәнаралық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырды.Жалпы, конференция археология саласында ғылыми байланыстар орнату, ақпарат алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша өзекті алаңға айналды.

Библиографиялық сілтемелер

Onggar, A., Mamirov, T. B. (eds.). Margulan readings–2022: proceedings of the International scientific and practical conference (Almaty, Aprile 12–13, 2022). Almaty: Margulan Institute of Archaeology. (in Kazakh, Russian, English).

Загрузки

Опубликован

2022-09-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Мамиров, Т. Б. (2022). Марғұлан оқулары–2022. Қазақстан археологиясы, 17(3 (17), 158–161. https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.158.161

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri