ХІІІ ғ. екінші жартысында булгарда соғылған дирхамдардың сирек фракциялары жайында

Авторы

  • Алексей Игоревич Бугарчев ТР ҒА А.Х. Халиков атындағы Археология институты
  • Виталий Павлович Емельянов нумизмат-зерттеуші

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.151.157

Түйін сөздер:

дирхам, фракция, ақша айналымы, көрсетілген салмақ, данг, метрология, Булгар аймағы, XIII–XIV ғғ.

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Булгар аймағының сирек және бұрын жарияланбаған монеталары жайында ақпараттар беріледі. Негізгі ерекшелігі – жарияланып отырған монеталар дирхамның үлкен түрі  фракциялар болып табылады. Булгар вилайтындағы Жошы Ұлысы билігіне Менгу-Тимур ханның келуінен кейін ақша реформасы жүргізілді. Айналымға сегіз әртүрлі номианлдағы жаға монеталар шығарылды. Олардың бөлігі сирек түріне жатады. Барлығы бір данадан 24 ке дейінгі белгілі белгілі даналары бар күміс монеталардың 9 түрі келтірілген. Авторлар А.З. Сингатуллинаның монографиясына сүйене отырып фракцияның метрологиясын және олардың ұқсастықтарын зерттейді. Барлық келтірілген даналар ең төменгі бірлікке негізделген 0,31 г. данге номиналдар жүйесіне кіреді. С/23, С/34, С/37, С/44 және С/81 түрлері 1266–1281 жж. Менгу-Тимур кезінде соғылды, С/52 – Туда-Менгу (1281–1285 жж.) кезінде, С/117 құс бейнесімен – 1283–1291 жж., жануар бейнелі түрі (ит) С/201 – ХІІІ ғ. екінші жартысы – ХІV ғ. бірінші ширегінедегі кезеңге жатқызылған. Аңыз қалдықтарымен бір монета атрибутталмаған күйінде қалды. Мақаланың авторларының ойынша, булгарда соғылған ұсақ күміс монеталар кішігірім-жеке саудада пайдаланылды және 730/1330 ж. ақша реформасы нәтижесінде айналымнан шығарылды.

Библиографиялық сілтемелер

Bugarchev, A. I. 2015. In: Kushkumbaev, A. K. (ed). Zolotaya Orda: istoriya i kulturnoe nasledie (Golden Horde: history and cultural heritage). Astana: “BG-PRINT” Publ., 145-149 (in Russian).

Bugarchev, A. I., Petrov, P. N. 2018. Monetnie kladi Bugarskogo vilayata (Coins Hoards of 13th – the first third of 14th centuries from Wilayat Bulghar). Kazan: Mardjani Institute of History of the Academy of Sciences Republic of Tatarstan (in Russian).

Emelyanov, V. P. 2021. In: Dvadtsat pervaya Vserossiyskaya numizmaticheskaya konferentsiya (Twenty-first All-Russian Numismatic Conference). Tver (in Russian).

Petrov, P. N. 2010. In: Zolotoordinskaya tsivilizatsiya (The Golden Horde civilization), 3, 121-149 (in Russian).

Singatullina, A. Z. 2003. Juchidskie moneti povolzhskih gorodov XIII veka (Juchid coins of Volga cities of the 13th century). Kazan: “ZAMAN” Publ. (in Russian).

zeno.ru – Oriental Coins Database:www.zeno.ru. (accessed: 02.01.2022).

Загрузки

Опубликован

2022-09-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бугарчев, А. И., & Емельянов, В. П. (2022). ХІІІ ғ. екінші жартысында булгарда соғылған дирхамдардың сирек фракциялары жайында. Қазақстан археологиясы, 17(3 (17), 151–157. https://doi.org/10.52967/akz2022.3.17.151.157

Выпуск

Бөлім

Пәнаралық зерттеулер