Кетпен жотасы петроглифінің сюжеттеріндегі бұқа бейнесі (Науакескен, Ұзынкүнгей сайларының материалдары бойынша)

Авторы

  • Әсел Жақсылықбайқызы Амаргазиева «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.2.16.9.23

Түйін сөздер:

археология, Кетпен, петроглиф, өнер, бұқа, миф, дүниетаным, идеология, қола дәуірі

Аннотация (түйіндеме)

Петроглифтер – бағзы заман тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен, дүниетанымынан, мәдениетінен хабар беретін ең алғашқы дерек көздерінің бірі. Қазіргі таңда петроглифтерді зерттеу әдістері қалыптасқан және олар бойынша тарихи білім қордаланған. Дегенмен, ғылымда жан-жақты зерттеуді, мерзімін анықтауды, семантикалық тұрғыда мазмұндау және басқада сұрақтарға жауап іздеуге сұранып тұрған, зерттелуі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жартас суреттері көптеп кездеседі. Автор мақалада Алматы облысына қарасты Кетпен жотасының солтүстік беткейіндегі Науакескен және Ұзынкүнгей сайларында орналасқан осындай жартас суреттеріндегі бұқа бейнесіне қатысты салыстырмалы тарихи-мәдени және семиотикалық зерттеудің нәтижелерін келтіреді. Яғни ғалымдар жүргізген зерттеулеріндегі көне тұрғындардың жануар образын тас бетіне қашауының негізгі себептерін анықтау бойынша берілген тұжырымдамаларын басты назарға ала отырып, петроглифтер сюжетінің дүниетанымдық тұрғыда мән-мағынасын мазмұндау, түсіндіру, петроглифтерді (бұқа бейнесі салынған жартас суреті) мерзімдеу, сипаттау мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар, салыстырмалы тұрғыда бұған дейін Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан жерлерінен анықталған жартас суреттеріндегі жануар бейнелерін басшылыққа ала отырып, стильдік жағынан ұқсастығы мен айырмашылықтарына талдау жасайды. Сондай-ақ, болашақта жартас суреттерімен қатар жергілікті археологиялық нысандардың зерттелуінің өзектілігіне де тоқталып өткен.

Библиографиялық сілтемелер

Akishev, A. K. 1984. Iskusstvo i mifologiya sakov (The art and mythology of the Sakas). Alma-Ata: “Nauka” Publ. (in Russian).

Amanzholov, A. S. 1966. In: Izvestiya AN KazSSR. Ser. obshchestv. nauk (News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Ser. societies. sciences), 2, 79-96 (in Russian).

Amargazieva, A. J. 2020. In: Otan tarihy (The homeland history), 2 (90), 181-191 (in Kazakh).

Artamonov, M. I. 1962. In: Soobshcheniya Gosudarctvennogo Ermitazha (Peports of the State Hermitage), 22, 30-35 (in Russian).

Zdanovich, D. G. 1995. In: Zdanovich, G. B. (ed.), Ivanova, N. O. (compl.). Arkaim. Issledovaniya, poiski, otkrytiya (Arkaim. Research, search, discovery). Chelyabinsk: Tvorcheskoe obiedinenie “Kamennyi poyas”, 43-53 (in Russian).

Zikiriya, D. K., Amargazieva, A. Zh. 2021. In: Mukhtarova, G. R. (ed.). II Esik okulary (2nd Issyk readings). Almaty: Kazakh University, 162-168 (in Kazakh).

Otchet o nauchno-issledovatelskoy rabote (itogovyi) (Research report (final)). 2018. № GR 0111RK00329. Inv. No. 0218RK01399 (in Russian).

Kadyrbayev, M. K., Maryashev, A. N. 1977. Naskalnye izobrazheniya hrebta Karatau (Rock carvings of the Karatau ridge). Almaty: “Gylym” Publ. (in Russian).

Kubarev, V. D. 2006. In: Arkheologiya, etnografiya i antropologiya Yevrazii (Archaeology, Ethnography and Anthropology of Eurasia), 3 (27), 41-54 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 2003. Petroglify Saryarki (Petroglyphs of Saryarka). Almaty: “Dayk-Press” (in Russian).

Samashev, Z. 2012. Zhetysu zhartas suretterí. Bayan zhurek (Zhetysu rock paintings. Bayan zhurek). Astana: the Brunch of the Margulan Institute of Archaeology in Astana (in Kazakh, Russian, English).

Bednarik, R. G. 2015. In: Bollettino del Centro Camuno di Studi Preistorici, 40, 7-30 (in English).

Herman, L. 2018. In: INORA, 80, 22-31 (in English).

Hermann, L. 2021. In: Mukhtarova, G. R. (ed.). II Esik okulary (2nd Issyk readings). Almaty: Kazakh University, 77-88 (in English).

Okladnikova, E. 2015. In: International Journal of Humanities and Cultural Studies, vol. 3, no. 1, 1012-1019 (in English).

Загрузки

Опубликован

2022-06-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Амаргазиева, А. (2022). Кетпен жотасы петроглифінің сюжеттеріндегі бұқа бейнесі (Науакескен, Ұзынкүнгей сайларының материалдары бойынша). Қазақстан археологиясы, (2 (16), 9–23. https://doi.org/10.52967/akz2022.2.16.9.23

Выпуск

Бөлім

Археологияның мәселелері