Георги Владимировтың «Ортағасырлық Болгариядан (XIII–XIV ғғ.) табылған сұрақ белгісі түріндегі сырғалар: Екінші Болгар патшалығының мәдениетіндегі Алтын Орда мен құмандардың материалдық белгілері туралы» атты кітабына пікір (жауапты ред. А.Г. Ситдиков, С.

Авторы

  • Арман Ауганұлы Бисембаев Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты; Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.2.16.155.160

Түйін сөздер:

археология, сұрақ белгісі түріндегі сырғалар, Алтын Орда, Балқандар, ортағасырлық сән, ортағасыр мәдениеті

Аннотация (түйіндеме)

Дамыған және кейінгі орта ғасырларда (XII–XIV ғғ.) Дунайдағы Екінші Болгар патшалығының мәдениетіндегі шығыс әсерін зерттеуге арналған мамандандырылған жұмыс-каталогқа сын-пікір. Бұл ықпалдардың басты мысалы ретінде Еуразиялық дала белдеуінің Алтын Орда кезеңінде өте кең тараған көшпенділер әшекейлері – сұрақ белгісі түріндегі сырғалар қарастырылады. Автор олардың орта ғасырларда пайда болуы мен таралуы туралы болжамдарды азия халықтарының мәдениетінде қимақ-қыпшақ арасында пайда болған және олардың Балқандағы қоныстануы кезінде таралған көшпелі сән түрі ретінде қарастырады. «Сұрақ белгісі түріндегі сырғалардың шығу тегі мен таралуы» тарауда автор берілген зергерлік бұйымдардың деректерін Еділ бойы, Батыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстан, Забайкалье, Тянь-Шань сияқты ірі өңірлерде таралуына қысқаша талдау жасайды. Автор кейінгі көшпелілердің көшіп-қонуы сұрақ белгісі түріндегі сырғалардың сән ретінде таралуына әсер етті деген ойды алға тартады. Алтын Орда мәдениетінде кеңінен таралған зергерлік бұйымдардың бұл түріне арналған сән этникалық сипат алды. Пікір айтылып отырған жұмыстың авторы XIII ғ. ортағасырлық Болгариядағы мәдени және этникалық ахуал «құмандандырылған», ал XIV ғ. бірінші жартысында. тіпті «татарландырылған» деген болжам жасайды. Ол бұл үдерістерді II мыңж. басында Дунай бассейніндегі «византиялық» ықпал туралы бұрынғы болжамдармен қарама қарсы қояды.

Библиографиялық сілтемелер

Atanasov, G. 2009. Dobrudzhanskoto despotstvo. Km politi-cheskata, stopanskata i kulturnata istoriya na Dobrudzha prez XIV vek (Dobrudzha despotism. On the Political, Economic and Cultural History of Dobrudzha in the 14th century). Veliko Trnovо: “Faber” Publ. (in Bolgarian).

Vladimirov, G. 2018. Sergi v vide znaka voprosa iz srednevekovoy Bolgarii (XIII–XIV vv.): o materialnykh sledakh kumanov i Zolotoy Ordy v kulture Vtorogo Bolgarskogo tsarstva (Earrings in the form of a question mark from medieval Bulgaria (13th–14th centuries): about the material traces of the Cumans and the Golden Horde in the culture of the Second Bulgarian Kingdom). Kazan: A.Kh. Khalikov Archaeology Institute (in Russian).

Ivanov, V., Kriger, V. 1988. Kurgany kypchakskogo vremeni na Yuzhnom Urale (XII–XIV vv.) (Burial mounds of the Kypchak period in the Southern Urals (12th–14th centuries)). Moscow: “Nauka” Publ. (in Russian).

Karimova, R. 2013. In: Arkheologiia Evraziiskikh Stepei (Archaeology of the Eurasian Steppes), 16 (in Russian).

Fedorov-Davydov, G. 1966. Kochevniki Vostochnoy Evropy pod vlastiyu zolotoordynskikh khanov. Arkheologicheskie pamyatniki (The nomads of Eastern Europe under the rule of the Golden Horde Khans. Archaeological sites). Moscow: Moscow University Publ. (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2022-06-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бисембаев, А. А. (2022). Георги Владимировтың «Ортағасырлық Болгариядан (XIII–XIV ғғ.) табылған сұрақ белгісі түріндегі сырғалар: Екінші Болгар патшалығының мәдениетіндегі Алтын Орда мен құмандардың материалдық белгілері туралы» атты кітабына пікір (жауапты ред. А.Г. Ситдиков, С. Қазақстан археологиясы, (2 (16), 155–160. https://doi.org/10.52967/akz2022.2.16.155.160

Выпуск

Бөлім

Сын және библиография

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri