«Марғұлан оқулары–2021» Халықаралық конференциясының жұмысы туралы

Авторы

  • Райхан Серікқызы Мұсаева Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2022.1.15.164.168

Түйін сөздер:

археология, конференция, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, мәселе, археологиялық зерттеулер

Аннотация (түйіндеме)

2021 ж. 26–27 қазанда «Марғұлан оқулары–2021» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Оған Қазақстанның 15 қаласынан, сонымен қатар жақын және алыс шет елдерден: Болгария, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстаннан ғалымдар қатысты. 81 ғылыми баяндама тыңдалды, оның 69-ы конференция материалдарында жарияланды. Жетекші ғалымдар тас дәуірі, палеометалл, ерте темір ғасыры, орта ғасыр және Жаңа уақыт мәселелерін шешудегі ғылыми зерттеулердің тәжірибесімен бөлісіп, 2021 ж. далалық жұмыстар нәтижелері туралы баяндады. Жекелеген баяндамалар пәнаралық зерттеулер жүргізу әдістемесіне, археологиялық артефактілерді консервациялау және қалпына келтіру мәселесіне арналды. Кейбір баяндамашылар археология ғылымының дамуын қортындылау, өмірден озған әріптестер мен олардың еңбектері туралы естеліктермен бөлісті. Конференция аясында өткізілген «Қазақстан археологиясы: дамудың өзекті мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстелде отандық археология ғылымының мәселелері талқыланды. Археологтар, музей қызметкерлері, ғылыми орталықтар мен жеке ұйымдардың өкілдері ғылымды дамыту, құқықтық реттеу, ғылыми мамандарды даярлау және археологиялық зерттеулердің бірыңғай әдіснамасын әзірлеуді талқылады.

Библиографиялық сілтемелер

Onggar, A., Baitanayev, B. A., Mamirov, T. B. (eds.). 2021a. Margulan readings–2021: proceedings of the International scientific and practical conference “The Great Steppe in the Context of Ethnocultural Research”, dedicated to the 30th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan and the 30th anniversary of the A.Kh. Margulan Archaeology Institute (Almaty, October 26–27, 2021). In 3 volumes. Almaty: A.Kh. Margulan Archaeology Institute. Vol. 1 (in Kazakh, Russian, English).

Onggar, A., Baitanayev, B. A., Mamirov, T. B. (eds.). 2021b. Margulan readings–2021: proceedings of the International scientific and practical conference “The Great Steppe in the Context of Ethnocultural Research”, dedicated to the 30th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan and the 30th anniversary of the A.Kh. Margulan Archaeology Institute (Almaty, October 26–27, 2021). In 3 volumes. Almaty: A.Kh. Margulan Archaeology Institute. Vol. 2 (in Kazakh, Russian).

Onggar, A., Baitanayev, B. A., Mamirov, T. B. (eds.). 2021c. Margulan readings–2021: proceedings of the International scientific and practical conference “The Great Steppe in the Context of Ethnocultural Research”, dedicated to the 30th anniversary of Independence of the Republic of Kazakhstan and the 30th anniversary of the A.Kh. Margulan Archaeology Institute (Almaty, October 26–27, 2021). In 3 volumes. Almaty: A.Kh. Margulan Archaeology Institute. Vol. 3 (in Kazakh, Russian, English).

Загрузки

Опубликован

2022-03-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Мұсаева, Р. С. (2022). «Марғұлан оқулары–2021» Халықаралық конференциясының жұмысы туралы. Қазақстан археологиясы, 15(1 (15), 164–168. https://doi.org/10.52967/akz2022.1.15.164.168

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri