Жайық кешені материалдары бойынша Батыс Қазақстан ерте темір дәуірі қоғамының иерархиясы (б.д.д. VI–IV ғғ.)

Авторы

  • Яна Амангелдіқызы Лұқпанова Батыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану музейі

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.9.26

Түйін сөздер:

археология, Жайық, оба, жерлеу, сарматтар, ырым, рәсім, әлеуметтік жағдай, маркер

Аннотация (түйіндеме)

Бұл мақала 2019 ж. далалық маусымда зерттелген Жайық-1 қорымының № 1-обасындағы ер адамдар жерлеуін зерттеуге арналған. Қазба жұмыстары «Жайық бекінісі» кешенін ашу жобасына байланысты жоспарланған. Жайық-1 обасы үш топырақ үйіндіден тұрды және Жайық қонысының қорымында орналасқан. № 1-оба ауыр техниканың күшімен қираған, № 2-обаның шетіне қақпа тұрғызылған, ал № 3-обанның бетін қоқыс басып қалған. Кіреберісі оңтүстік жағында белгіленген сақиналы арықпен қоршалған № 1-обадағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде 14 қорым зерттелді. Орталық қорымнан батысқа қарай әйелдер – бес кешен, шығыс жағында сегіз, орталық қорымда – екі ер адам жерленген. Жартылай шеңбер түрінде орналасқан орталық шұңқырдың айналасында шұңқырларға жалпы саны 15 адам жерленген, олардың негізгі бөлігінің бастары О, ОБ, ОШ-қа бағыттаған. Алынған материалдар б.д.д. V–IV ғғ. бастап IV–III ғасырларға дейін бірнеше ғасырлар бойы жинақталған әр түрлі кезеңге жатады. Ерлер жерлеуінің әйелдер қорымдарынан айырмашылығы алынған заттар қарапайым, сегіз жерлеудің үшеуі сарбаздарға тиесілі, біреуінде бала жерленген. Олардың мәртебесі обадағы басқа ерлер қорымдарына қарағанда жоғары болды. Бір адам ішімен төмен қаратылып, екінші бір ересек адамның қаңқасы арық түбіне көміліп, басы кесілген. № 1 обаны зерттеу нәтижелері осы ескерткішті зерттеудің қажеттілігін, темір дәуіріндегі ерте көшпенділердің археологиясы бойынша бірқатар мәселелерді анықтап, әлеуметтік ұйым, қоғам иерархиясы мәселелерін бөліп көрсетті.

Библиографиялық сілтемелер

Balabanova, M. A. 2011. In: Pogrebalnyi obryad rannih kochevnikov Evrazii. Materialy i issledovaniya po arheologii Yuga Rossii (Funeral rite of the early nomads of Eurasia. Materials and research on archeology of the South of Russia), 3, 23–39. Rostov on Don: Yuzhnyi nauchnyi tsentr RAN Publ. (in Russian).

Berlizov, N. E. 2020. In: Sirotin, S. V. (ed.). Rannie kochevniki Yuzhnogo Urala i Nizhnego Povolzhiya (Early nomads of the Southern Urals and the Lower Volga region). Moscow: Institute of Archeology RAS; “MAKS Press” Publ., 32-43 (in Russian).

Klepikov, V. M. 2002. Sarmaty Nizhnego Povolzhiya v IV–III vv. do n.e. (Sarmatians of the Lower Volga region in the 4th–3rd centuries BC). Volgograd: Volgograd State University Publ. (in Russian).

Lukpanova, Ya. A. 2020. In: Theory and practice of archaeological research, 30, no. 2, 111-127 (in Russian).

Moshkova, M. G.1963. Pamyatniki prohorovskoy kultury (Monuments of Prokhorov culture). Svod arheologicheskih istochnikov (Collection of archaeological sources), D1-10. Moscow: USSR Academy of sciences Publ. (in Russian).

Myshkin, V. N. 1999. In: Archeological issues of the Volga region, 1, 270-288 (in Russian).

Ochir-Goryaeva, M. A. 2019. In: Oriental Studies, 5, 812-821. DOI: 10.22162/2619-0990-2019-5-812-821 (in Russian).

Skripkin, A. S. 1990. Aziatskaya Sarmatiya. Problemy hronologii i ee istoricheskiy aspect (Asian Sarmatia. Problems of chronology and its historical aspect). Saratov: Saratov University Publ. (in Russian).

Smirnov, K. F. 1989. In: Melyukova, A. I. (ed.). Stepi evropeyskoy chasti SSSR v skifo-sarmatskoe vremya (The steppes of the European part of the USSR in the Scythian-Sarmatian time). Moscow: “Nauka” Publ., 165-176 (in Russian).

Smirnov, K. F., Petrenko, V. G. 1963. Savromaty Povolzhiya i Yuzhnogo Priuraliya (Savromats of the Volga and Southern Urals). Svod arheologicheskih istochnikov (Collection of archaeological sources), D1-9. Moscow: “Nauka” Publ. (in Russian).

Fedorov, V. K. 2013. In: Rossiyskaya arheologiya (Russian archaeology), 2, 44-61 (in Russian).

Khazanov, A. M. 1971. Ocherki voennogo dela sarmatov (Essays on the military affairs of the Sarmatians). Moscow: “Nauka” (in Russian)

Загрузки

Опубликован

2021-12-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Лұқпанова, Я. А. (2021). Жайық кешені материалдары бойынша Батыс Қазақстан ерте темір дәуірі қоғамының иерархиясы (б.д.д. VI–IV ғғ.). Қазақстан археологиясы, 14(4 (14), 9–26. https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.9.26

Выпуск

Бөлім

Археологияның мәселелері