Жолдасбаев Сәйден Жолдасбайұлы (1936–2021)

Авторы

  • Мэлс Маратұлы Бахтыбаев Археология ғылыми-зерттеу институты, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ералы Шардарбекұлы Ақымбек Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.2.12.170.181

Түйін сөздер:

археология, С. Жолдасбайұлы, археолог, этнолог, қыстаулар, тұрақ-жайлар

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада қазақтың беделді ғалымдарының бірі, белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Сәйден Жолдасбайұлы Жолдасбаевтың (1936–2021) өмірі, тарих ғылымдары, оның ішінде археология және этнология салалары бойынша ғылыми жолы мен университет қабырғасындағы ұстаздық жылдары қарастырылады. 1963 ж. университетті бітіргеннен кейін, көп ұзамай ғылым жолына түскен С. Жолдасбайұлы басында ғылыми-зерттеу институты, артынан университеттер қабырғасында оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, ғылыми-зерттеу орталығының директоры қызметтерін атқарады. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып палеоэтнографиялық бағыт бойынша экспедиция ұйымдастырған С. Жолдасбаев ұзын-саны 250-ден астам қыстау-қоныстарда зерттеу, ал 400-ге жуық баспанаға қазба жұмыстарын жүргізеді. ХV–ХVІІІ ғғ. жататын археологиялық материалдар негізінде 1975 ж. кандидаттық диссертациясын, 1997 ж. докторлық диссертациясын жемісті қорғап шығады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 10 монография, 34 оқулық және 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалаларды жазды. Барлық ғұмырын археология және этнологияға арнаған С. Жолдасбайұлы қазақтың кейінгі орта ғасырлардағы материалдық және рухани мәдениетін: қала құрылыстары, тұрақты үй құрылыстары, шаруашылығы мен қолөнері және салт-дәстүрлерін зерттеді. Ғылым және білім саласында көптеген ғылыми мақалалар мен монографиялар және оқулықтар жазған С. Жолдасбайұлының бірқатар еңбектерінің тізімі мақала соңында беріліп отыр.

Библиографиялық сілтемелер

Zholdasbayev, S. 1962. In: Tezisy dokladov na 8-y vsesoyuznoy konferentsii studentov-arheologov (Abstracts of reports at the 8th All-Union Conference of Archaeology Students). Leningrad, 11-12 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1972. In: Akishev, K. A. (ed.). Poiski i raskopki v Kazahstane (Searches and excavations in Kazakhstan). Alma-Ata: “Nauka” Publ., 187-193 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1973. Alma-Ata: “Nauka” Publ., 102-112 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1974. In: Arheologicheskie otkrytiya–1973 (Archaeological discoveries-1973). Moscow: “Nauka” Publ., 468 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1975. In: Arheologicheskie otkrytiya–1974 (Archaeological discoveries-1974). Moscow: “Nauka” Publ., 485 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1976. In: Arheologicheskie otkrytiya–1975 (Archaeological discoveries-1975). Moscow: “Nauka” Publ., 519 (in Russian).

Zholdasbayev, S. 1978 In: Akishev, K. A. (ed.). Arheologicheskie pamyatniki Kazahstana (Archaeological monuments of Kazakhstan). Alma-Ata: “Nauka” Publ., 203-212 (in Russian).

Zholdasbayev, S. Zh. 1989. In: Vzaimodeystvie kochevyh kultur i drevnih civilizaciy (Interaction of nomadic cultures and ancient civilizations). Alma-Ata: “Nauka” Publ., 190-199 (in Russian).

Zholdasbayev, S., Kasenov, M., Nurkhanov, B. 2004. In: Margulanovskie chteniya–15 (Margulan readings–15). Almaty, 193-202 (in Kazakh).

Zholdasbayev, S. 2006. In: Otan tarihy, 1, 45-49 (in Kazakh).

Загрузки

Опубликован

2021-12-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Бахтыбаев, М. М., & Ақымбек, Е. Ш. (2021). Жолдасбаев Сәйден Жолдасбайұлы (1936–2021). Қазақстан археологиясы, 14(4 (14), 170–181. https://doi.org/10.52967/akz2021.2.12.170.181

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri