Бытығай қалашығындағы жаңа зерттеулер

Авторы

  • Серғазы Сәкенов Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы
  • Сәуле Бөрібаева «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейi
  • Гүлзат Букешева «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейi,
  • Алексей Игоревич Кукушкин Е.Ә. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.134.147

Түйін сөздер:

археология, ортағасырлық қала мәдениеті, Бытығай қаласы, кесене, өндіріс цехы, күйдірілген және терракоталық кірпіш, глазурь

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада 2021 жылғы далалық маусымда жүргізілген Бытығай ортағасырлық қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарының алдын ала қорытындылары келтірілген. Қалашық Ақмола облысы Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде, Нұра өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ескерткіш аумағында екі қазба жұмыс алаңы бекітіліп, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бірінші қазба алаңының ауданы 200 м², екіншісінің ауданы 120 м² құрайды. Ескерткіш аумағында өндірістік цех, сондай-ақ шикі кірпішті алдын ала кептіруге арналған құрылыстар толық зерттелген. Жұмыста тіркелген нысандар мен құрылыс материалдарының негізгі сипаттамасы берілген. Өндірістік цехта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде күйдірілген кірпіштің алты түрі, кірпіш бетті жылтырақ шыны әшекеймен қапталған бір түрі және әшекейсіз оюланған кірпіштердің бір түрі тіркелді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері Теңіз-Қорғалжын өңіріндегі қала мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді және Бытығайдың басқа да ортағасырлық белгілі қалашықтармен қатар керуен маршруттарының қиылысында орналасқан әкімшілік-сауда орталығы болғандығын айғақтайды. Кірпіш пен сәулет-әрлеу материалдарын дайындау және күйдіру жөніндегі өндірістік цех шамамен XIV–XV ғасырларға белгіленген.

Библиографиялық сілтемелер

Arkhivnyye otchety TSKAE-1974 (Archival reports TsKAE-1974). Katalog. Bytygay, Sylu-Tam (istoriko-arkheologicheskiye materialy). 1975. Alma-Ata (in Russian).

Bronevskiy, S .B. 1830. In: Tsentralnyi gosudarstvennyi arkhiv Respubliki Kazakhstan. F. 338, op. 1, d. 714, l. 244-252 (in Russian).

Burbayeva, S. B., Sembin, M. K., Bukesheva, G. K. 2021. In: XXVII Mezhdunarodnaya nauchno-prakticheskaya konferentsiya «Nauka i innovatsii v XXI veke» (XXVII International Scientific and Practical Conference: "Science and Innovation in the XXI century"). Penza: “Nauka i Prosveshcheniye” Publ., 136-141 (in Russian).

Yeginbayuly, Zh. 2001. In: Otan tarikhy, 2, 98-106 (in Russian).

Eleuov, M. E. 2000. Aқmola obylysyndaғy zetteuler (Research in Akmola region). Astana, 7-18 (in Kazakh).

Margulan, A. Kh. 1950. Iz istorii gorodov i stroitelnogo iskusstva drevnego Kazahstana (From the history of cities and building art of ancient Kazakhstan). Alma-Ata: Akademiya nauk KazSSR (in Russian).

Pugachenkova, G. A. 1976. Zodchestvo Tsentralnoy Azii. XV vek. Vedushchie tendentsii i cherty (The architecture of Central Asia. XV century. Leading trends and traits). Tashkent: Izdatelstvo literatury i iskusstva (in Russian).

Svod pamyatnikov istorii i kultury Respubliki Kazahstan. Akmolinskaya oblast (Collection of monuments of history and culture of the Republic of Kazakhstan. Akmola region). 2009. Almaty: “Aruna” Publ. (in Russian).

Sembin, M. K. 1974. Mavzoley Botagay, Syrly-Tam, Sulu-Tam (istoriko-arheologicheskie materialy) (The mausoleums of Botagay, Syrly-Tam, Sulu-Tam (historical and archaeological materials)). Alma-Ata (in Russian).

Sembi, M. K. 2015. In: Bulantinskaya bitva: istoriya issledovaniy (The Battle of Boulantine: A History of Research). Ulytau: zapovednik-museum “Ulytau”, 150-153 (in Russian).

Smailov, Zh. E. 2015. Pamyatniki arheologii zapadnoy Saryarki (Srednevekovye gorodishcha i poseleniya) (Archeological monuments of western Saryarka (Medieval settlements and settlements)). Karaganda: Tengri ltd. (in Russian).

Shangin, I. P. 1820. In: Sibirskiy Vestnik. 1820. Chast 11 (in Russian).

Yarygin, S. A. 2011. In: Khabdulina, M. K. (ed.). Margulan readings–2011. Astana: L.N. Gumilyov Eurasian National University, 384-391 (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2021-12-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Сәкенов, С. К., Бөрібаева, С. Б., Букешева, Г. К., & Кукушкин, А. И. (2021). Бытығай қалашығындағы жаңа зерттеулер. Қазақстан археологиясы, 14(4 (14), 134–147. https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.134.147

Выпуск

Бөлім

Далалық зерттеулер

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri