Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі керуен жолдары

Авторы

  • Әлия Манапова Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.50.63

Түйін сөздер:

археология, Ә.Х. Марғұлан, керуен жолдары, Орталық Қазақстан, Бетпақдала, отырықшы мәдениет, орта ғасыр

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Ә.Х. Марғұланның керуен жолдар бойынша археологиялық зерттеулердің нәтижелері сараланады. 1946 жылы Ә.Х. Марғұланның басқаруымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылды. Әлкей Хақанұлы Қазақстан жеріндегі көне сауда жолдары мен көш соқпақтарын бойлай өтіп, кең байтақ шөлді далалардан, құлазыған құмдардан археологиялық ескерткіштер тауып, оларды ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп, ғылым әлеміне белгілі етті. Ол барлау және қазба жұмыстары кезінде табылған материалдарды жазба және әдеби деректермен, аңыз әңгімелермен ұштастыра отырып пайдалана білді. Әр ескерткішке жан-жақты сипаттама беріп, өзіне дейінгі зерттеушілер еңбектеріне сілтеме жасап салыстырмалы түрде өз ойын жеткізіп отырған. Әлкей Хақанұлының ғылыми еңбектерін саралау барысында оның еңбектерінен тас дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырларға дейінгі Қазақстан ескерткіштері төңірегінде туындаған барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Оның зерттеген керуен жолдары Бетпақдала бойымен өтетін: «Хан жолы», «Қарқаралы жолы», «Уанас жолы», «Жетіқоңыр жолы», «Сарысу жолы». Бұлардың барлығы бұрын оңтүстік өлкелермен Орталық Қазақстанды, Ертіс бойын, Күнбатыс Сібірді байланыстырып, олардың арасында мәдени, сауда қарым-қатынастарын күшейтуде маңызды болған белгілі жолдар. Ғалым қыпшақ даласы мен Сырдария қалалары арасында жүріп өтетін керуен үшін Жетіқоңыр оазисі демалып, тоқтап өтететін орны болғандығын, көшпенділердің жайылымды жыл мезгілдеріне қарай өз өмірлеріне орайластырып, көш жолдарының бағыттарын, ұзақтығын есептеп анықтағанын атап өтеді.

Библиографиялық сілтемелер

Akishev, K. A. 1967. In: Sovetskaya arheologiya (Soviet archaeology), 4, 62-78 (in Russian).

Baipakov, K. M. 1986. Srednevekovaya gorodskaya kultura Yuzhnogo Kazahstana i Semirechiya (Medieval urban culture of Southern Kazakhstan and Semirechye). Alma-Ata: “Nauka” Publ. (in Russian).

Beisenov, A. Z. 2014. Saryarkanyn kone zhadіgerlerі (The ancient treasures of Saryarka). Almaty: A.Kh. Margulan Archaeology Institute (in Kazakh, Russian, English).

Eleuov, M. E. 1999. Shu Talas onіrlerіnіn ortagasyrlyk kalalary men mekenderі (VI–XIII g. basy): tarih gyl. dok. avtoref. (Medieval towns and settlements of Shu and Talas (6th – 13th): abstract of the Doct. Dis.). Almaty (in Kazakh).

Eleuov, M. 2001. Shu men Talas onіrlerі ortagasyrlyk kalalarynyn zerttelu tarihy (The history of the study of the medieval cities of Shu and Talas). Astana: L.N. Gumilyov Eurasia University (in Kazakh).

Kadyrbayev, M. K., Kurmankulov, Zh. K. 1992. Kultura drevnih skotovodov i metallurgov Sary-arki (Culture of ancient pastoralists and metallurgists of Sary-arka). Alma-Ata: “Gylym” Publ. (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1948a. In: Izvestiya AN KazSSR. Ser. arheol. (News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Ser. archeol.), 1, 3-32 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1948b. In: Izvestiya AN KazSSR. Ser. istor. (News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Ser. history), 4, 119-144 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1949a. In: Izvestiya AN KazSSR. Ser. arheol. (News of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR. Ser. archeol.), 2, 4-36 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1949b. In: Vestnik AN KazSSR (Bulletin of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR), 1, 68-78 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1950a. Iz istorii gorodov stroitelnogo iskusstva drevnego Kazahstana (From the history of the cities of the construction art of ancient Kazakhstan). Alma-Ata: Academy of Sciences of the Kazakh SSR Izd-vo AN KazSSR (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1950b. In: Vestnik AN KazSSR (Bulletin of the Academy of Sciences of the Kazakh SSR), 6, 61-72 (in Russian).

Margulan, A. Kh. 1950c. In: Archive of the A.Kh. Margulan Archeology Institute. F. 11, op. 2, d. 67.

Margulan, D. A., Margulan, D. A. (compl.). 2011. Margulan, A. Kh. Essays in 14-vol. Almaty: “Alatau” Publ. Vol. 8 (in Russian).

Margulan, D. A. 2018. In: Kazahstan Archeology, 1–2, 37-47 (in Russian).

Manapova, A. M. 2018. In: Kazahstan Archeology, 1–2, 48-58 (in Kazakh).

Загрузки

Опубликован

2021-12-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Манапова, А. (2021). Ә.Х. Марғұлан еңбектеріндегі керуен жолдары. Қазақстан археологиясы, 14(4 (14), 50–63. https://doi.org/10.52967/akz2021.4.14.50.63

Выпуск

Бөлім

Археологияның мәселелері