ҒАЛЫМ, АРХЕОЛОГ, ӘРІПТЕС, ДОС ӘРІ ҰСТАЗҒА…

Авторы

  • Абылай Көпбергенұлы Төлегенов Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.3.13.154.160

Түйін сөздер:

археология, А.Ә. Нұржанов, зерттеуші, өркениет, Ұлы Жібек жолы, археологиялық экспедиция

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Қазақстан және Орталық Азия археологиясына баға жетпес үлес қосқан археолог Нұржанов Арнабай Әбішұлының ғылыми мұрасы; Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тарихын зерттеуі; Ұлы даладағы урбандалу процестері; археология ескерткіштерін сақтаудағы еңбегі қарастырылады. Арнабай Нұржанов өзіндік эрудициясымен және көзқарастарының кеңдігімен ерекшеленді және белсенді өмірлік ұстанымы бар адам болды. Ол Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі ірі экспедициялардың далалық зерттеулерінің жетекшісі болды. А. Нұржановтың ғылыми қызығушылық шеңбері өте кең және алуан түрлі: номадизм, урбандалудың генезисі мен даму мәселелері; Жетісудың ортағасырлық қалалық мәдениетінің ерекше және жалпыға ортақ сипаттамаларының эволюциясы; тарихи география; Еуразия мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар аспектісінде Ұлы Жібек жолын зерттеу мәселелері, сондай-ақ археологияның басым бағыттары. А. Нұржановтың далалық археологиялық қазба жұмыстарының ішінде ортағасырлық Құлан қаласынан табылған VIII–X ғғ. жататын сарай кешенінің ашылуы үлкен ғылыми жаңалық болды. Археологтың Төменгі Барсханның цитаделі мен қорымын, Меркі, Аспара және Қастек қалаларын қазуы да елеулі табыспен есте қалды. Ғалымның еңбектері болашақ археологиясы үшін үлкен мұра және қомақты ғылыми негіз болып табылады.

Библиографиялық сілтемелер

Baipakov, K. M., Nurzhanov, A. A. 1992. Uly Jіbek joly jane ortagasyrlyk Kazahstan ((The Great Silk Road and medieval Kazakhstan). Almaty: Kazakhstan (in Kazakh).

Kuznetsova, O. V., Nurzhanov, A. А. 2009. Srednevekovyi gorod Merke (Mirki) (The medieval town of Merke (Mirki)). Almaty: “Mektep” Publ. (in Russian).

Nurzhanov, A. A. 2003. In: Al-Farabi Kazakh National University KazNU Bulletin History series, 2 (29), 115-118 (in Russian).

Nurzhanov, A. A. 2010. Srednevekovye goroda na uchastke Velikogo Shelkovogo puti ot Taraza do Aspary (Medieval cities on the section of the Great Silk Road from Taraz to Aspara): thesis of the dis. … Cand. hictorical sciences. Almaty (in Russian).

Nurzhanov, A. A. 2011. In: Orazbayev reading ІІІ. Almaty: “Kazakh University”, 136-140 (in Russian).

Nurzhanov, A. A. 2015. In Izvestiya NAN RK: seriya obshchestvennyh i gumanitarnyh nauk (News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan. Series. social sciences and humanities), 6 (298), 99-109 (in Russian).

Nurzhanov, A. A. 2020. In Kulturnye landshafty gorodov Sibiri (aksiologiya, istoriya, praktiki) (Cultural landscapes of Siberian cities (axiology, history, practices)). Omsk: F.M. Dostoyevsky Omsk State University, 225-238 (in Russian).

Savelyeva, T. 2021. In: Ogni Alatau. URL: https://ognialatau.kz/news/cat-6/14457/ (in Russian).

Загрузки

Опубликован

2021-09-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Төлегенов, А. К. (2021). ҒАЛЫМ, АРХЕОЛОГ, ӘРІПТЕС, ДОС ӘРІ ҰСТАЗҒА…. Қазақстан археологиясы, 13(3 (13), 154–160. https://doi.org/10.52967/akz2021.3.13.154.160

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri