СЯНЬБИ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША СОНЫ1 РАДИОКӨМІРТЕКТІК ЗЕРТТЕУЛЕР

Авторы

  • Зайнолла Самашев «Берел» Мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы
  • Айдын Сенғалиұлы Жүнісханов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.3.13.146.153

Түйін сөздер:

археология, Шығыс Қазақстан, Берел, Елекесазы, Сяньби, археологиялық зерттеулер, радиокөміртектік анализ, мерзімдеу

Аннотация (түйіндеме)

Сяньби – б.д. І мыңжылдығының басында Орталық Азия өңірінде қалыптасқан көшпелі полиэтникалық қауымдастық. Сяньбилердің батысқа жылжуы б.д. ІІІ ғ. ғұн империясының ыдырауымен тұспа-тұс келеді. Осы уақыттан бастап Қазақстанның Шығыс өңірінде Сяньбилер қоныстана бастап, өздерінің саяси үстемдіктерін орнатады. Шығыс Қазақстандағы Сяньбилердің археологиялық ескерткіштерін зерттеу 2016 ж. бастап жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр. Осы уақыт аралығында Сяньби кезеңімен мерзімделетін 60-тан аса қоршауларда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы уақытқа дейін Сяньбилердің Шығыс Қазақстанға келуі, қоныстануы және таралуы сияқты өзекті мәселелер салыстырмалы-типологиялық әдістер шеңберінде қарастырылып келген болатын. Осы ретте Сяньби кезеңі бойынша калибрленген радиокөміртектік сараптауларға негізделген зерттеулердің маңызы зор. Мұндай мағлұматтарды созбай, уақытылы ғылыми айналымға енгізу осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеттерінің бірі. Мақалада Берел қорымындағы № 68 қоршаудан және Елекесазы қорымындағы Патша обасының үймесінің үстіне қойылған жерлеуден алынған остеологиялық материалдарға жасалынған радиокөміртектік анализ қортындылары тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Сараптама Литва мемлекетінің астанасы Вильнюс қаласындағы Физикалық және технологиялық ғылымдар орталығы мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтында Жилвинас Ежеринскисдің жетекшілігімен жасалынды. Алынған мәліметтер Сяньбилердің Шығыс Қазақстанға қоныстануы туралы соны мәліметтер берді.

Библиографиялық сілтемелер

Gavrilova, A. A. 1965. Mogilnik Kudyrge kak istochnik po istorii altayskikh plemyon (Kudyrge burial ground as a source on the history of the Altai tribes). Moscow–Leningrad: “Nauka” Publ. (in Russian).

Gumilyov, L. N. 1998. Kurkchi, A. I. (compl., ed.). Tysyacheletiye vokrug Kaspiya (Millennium around the Caspian Sea). Moscow: Institut DI-DIK (in Russian).

Kryukov, M. V., Malyavin, V. V., Sofronov, M. V. 1979. Kitayskiy etnos na poroge srednikhvekov (Chinese Ethnos on the Threshold of the Middle Ages). Moscow: “Nauka” Publ. (in Russian).

Samashev, Z., Ongar, A., Kariev, E., Chotbaev, A. et al. 2018. Otchet: “Pamyatniki sakov i syanbiytsev Kazakhskogo Altaya” (Report: “Sites of the Sakas and Syanbi people of the Kazakh of Altai”)/manuscript (in Russian).

Samashev, Z. 2018. In: Utepova, P. A. (ed.). Velikaya step: voyennoye naslediye (The Great Steppe: Military Heritage). Astana: Voyenno-istoricheskiy muzey, 56-72 (in Russian).

Samashev, Z., Ongar, A., Chotbayev, A., Nuskabay, A., Kairmagambetov, A., Kiyasbek, G., Kyzyrkhanov, M. 2019. In: Akhmetov, D. (ed.). Altay – Turki aleminin altyn besigi (Altai – the golden cradle of the Turkic world). Ust-Kamenogorsk, 8-33 (in Russian).

Khudyakov, Yu. S., Yuy Su-Khua. 2005. In: Khudyakov, Yu. S., Skobelev, S. G. (eds.). Voyennoye delo nomadov Tsentralnoy Azii v syanbiyskuyu epokhu (Military affairs of the nomads of Central Asia in the Xianbei era). Novosibirsk: Novosibirsk State University, 7-18 (in Russian).

Khudyakov, Yu. S. 2005. In: Khudyakov, Yu. S., Skobelev, S. G. (eds.). Voyennoye delo nomadov Tsentralnoy Azii v syanbiyskuyu epokhu (Military affairs of the nomads of Central Asia in the Xianbei era). Novosibirsk: Novosibirsk State University, 19-55 (in Russian).

Gnecchi-Ruscone, G. A., Khussainova, E., Kahbatkyzy, N., ..., Krause, J. 2021. In: Science Advances, 7 (13):eabe4414. doi: https://doi.org/10.1017/RDC.2015.18

Ramsey C.B. 2020 OxCal 4.4 Manual. URL: https://c14.arch.ox.ac.uk/oxcalhelp/hlp_contents.html

Reimer, P., Austin, W., Bard, E., …, Talamo, S. 2020. In: Radiocarbon, 62, 1-33. DOI: 10.1017/RDC.2020.41

Sozdikqor. URL: https://sozdikqor.kz/

Загрузки

Опубликован

2021-09-27

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Самашев, З., & Жүнісханов, А. С. (2021). СЯНЬБИ КЕЗЕҢІ БОЙЫНША СОНЫ1 РАДИОКӨМІРТЕКТІК ЗЕРТТЕУЛЕР. Қазақстан археологиясы, 13(3 (13), 146–153. https://doi.org/10.52967/akz2021.3.13.146.153

Выпуск

Бөлім

Пәнаралық зерттеулер

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri