ПРОФЕССОР МАДИЯР ЕЛЕУОВ 75 жаста

Авторы

  • Ералы Шардарбекұлы Ақымбек Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2021.2.12.152.158

Түйін сөздер:

археология, М. Елеуов, университет, студент, ұстаз, ғылым, экспедиция, барлау, қазба, орта ғасырлар, қалалар мен елді мекендер

Аннотация (түйіндеме)

Мақалада Мадияр Елеуовтың археолог және ұстаз ретіндегі кәсіби қызметі қарастырылады. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне түскеннен бастап орта ғасырлар археология саласы бойынша ескерткіштерді зерттеумен айналысып келеді. Университет қабырғасында ұстаздық етіп жүріп, осындағы археологиялық экспедициясының барлау тобына жетекшілік етіп, нәтижесінде Шу-Талас өңірлері, Қаратаудың баурайы, Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан, бұрын белгісіз болып келген қола дәуірі, темір ғасыры мен орта ғасырлардың көптеген жерлеу және қоныстық ескерткіштерін ашып, ғылыми айналымға енгізді. ҚазҰУ, ЕҰУ және ХҚТУ-да оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, ғылыми-зерттеу орталығының директоры бола жүріп, экспедициялардың жетекшісі ретінде орта ғасырларда астаналық қалалар болған Ақтөбе, Меркі, Тараз, Төрткүлтөбе, Күлтөбе, Қарашық, Сауран, Қышқала және т.б. ескерткіштерге кешенді зерттеулер, Ұлы Жібек жолының бағыты мен тармақтарын анықтауда көптеген жұмыстар жүргізді. М. Елеуұлы Қазақстанның орта ғасыр археологиясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан білікті маман болса, шәкірттерге дәріс беруде ұлағатты ұстаз. Ғылыми еңбектері негізінен Қазақстанның ортағасырлық қалалық мәдениеті мен Ұлы Жібек жолы, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мәселелеріне арналған.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2021-06-30

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Ақымбек, Е. Ш. (2021). ПРОФЕССОР МАДИЯР ЕЛЕУОВ 75 жаста. Қазақстан археологиясы, 12(2 (12), 152–158. https://doi.org/10.52967/akz2021.2.12.152.158

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri