«АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАЙЫНДА

Авторы

  • Татьяна Николаевна Лошакова

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.4.6.142.145

Түйін сөздер:

археология, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай, Тарбағатай, Берел, Шілікті, түркі әлемі, алтайтану, түркология, қыпшақтар, халықаралық конференция, қоныс, жерлеу, геном

Аннотация (түйіндеме)

2019 жылдың 6 қыркүйегінде Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті қабырғасында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға 6 елдің ғалымдары қатысып, 15 баяндама оқылып, талқыланды. Іс-шараға Корея, Түркия және Үндістан елшілері қатысты. Қатысушылар «Алтай – Тарбағатай қола дәуірінен ерте орта ғасырларға дейінгі» және «Шілікті алқабы мен Тарбағатай тау бөктерінде орналасқан ертедегі және ортағасырлардағы ескерткіштер» атты жобаларды іске асырудың нәтижелерін, түркология және алтайтану мәселелерін талқылады. Берелдегі ежелгі адамның ДНҚ геномы, Әзербайжандағы қыпшақтар, қытай деректеріндегі ежелгі түріктердің тарихы және басқа да өзекті тақырыптар бойынша зерттеулердің кейбір нәтижелері ұсынылды, сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі түркітілдес елдердің экономикалық интеграция мәселелері талқыланды.

 

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-10-31

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Лошакова, Т. Н. (2019). «АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАЙЫНДА. Қазақстан археологиясы, (4 (6), 142–145. https://doi.org/10.52967/akz2019.4.6.142.145

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri