СМАҒҰЛОВ ЕРБОЛАТ ӘКЕЖАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ (16.07.1952 – 05.10.2019)

Авторы

  • Арнабай Әбішұлы Нұржанов
  • Айсұлу Асқарқызы Ержігітова

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.4.6.116.125

Түйін сөздер:

археология, Е.А. Смағұлов, археолог, Түркістан археологиялық экспедициясы, ортағасырлық қала мәдениеті

Аннотация (түйіндеме)

Қазан айының шуақты күнінде танымал археолог Ерболат Әкежанұлы Смағұловтың жүрегі соғуын тоқтатты. Е.Ә. Смағұлов студенттік шақтан медиевист болуды таңдаған еді және де ақырғы деміне дейін осы жолға адал болды. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының қабырғасында лаборанттықтан (1974) бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкеріне (2003) дейінгі еңбек жолының сатыларынан өтті. Ол Институттың алғашқы ғалым хатшысы болды. Е.Ә. Смағұлов студенттік кезден бастап Ұлы даланың түрлі қалаларын: Отырар, Алтынтөбе, Көкмардан, Марданкүйік және басқа да Отырар алқабының ескерткіштерін қазуға қатысты. Оның өмір жолының негізгі кезеңдері Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының алғашқы қалыптасқан жылдарынан бастап-ақ үзіліссіз тығыз байланыста болып, алғашқы ғалым болды. Ерболат Әкежанұлының соңғы онжылдықтардағы шығармашылығы Түркістан археологиясымен тығыз байланыста болды. 2019 жылғы далалық маусымда табылған олжалар зерттеушінің қаланың мерзімделуі мәселелеріне жаңа көзқарастармен қарауға әкелген еді (осы сандағы мақаланы қараңыз – ред. ескертуі). Е.А. Смағұловтың есімі Қазақстан археологтарына, сонымен қатар таяу және алыс шетелге де танымал. Ғылыми мәселелерді кеңінен және бірегейлікпен қарастыру, ұсынылған шешімдерді сыни тұрғыдан қабылдау оның бойына тән қасиет болатын.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-10-31

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Нұржанов, А. А., & Ержігітова, А. А. (2019). СМАҒҰЛОВ ЕРБОЛАТ ӘКЕЖАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУ (16.07.1952 – 05.10.2019). Қазақстан археологиясы, (4 (6), 116–125. https://doi.org/10.52967/akz2019.4.6.116.125

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri