ҒАНИ ИСКАКОВТЫҢ СОҢҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ (13.01.1970–23.06.2019)

Авторы

  • Жәкен Таймағамбетов

DOI:

https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.153.161

Түйін сөздер:

археология, Ғани, тас ғасырының археологиясы, халықаралық археологиялық экспедициялар мен жобалар

Аннотация (түйіндеме)

Мен үшін Ғани кім еді? Ол археологияға шынайы берілген, менің адал да сенімді әріптесім және жақсылығы мол шәкіртім. Ол 1970 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Кеңес армиясы қатарында болып, 1990–1996 жылдары ҚазМУ-дің тарих факультетінде оқыды. Университетте оған археологиядан сабақ бердім және пән бойынша емтихан қабылдадым. ЖОО бітіргеннен соң ол ортағасырлар тарихымен айналысты, ал 1993 жылдан, бірлескен Қазақ-Ресей археологиялық экспедициясының Қазақстандағы жұмысы басталған күннен бастап бізбен тығыз ынтымақтастықта болды және тас ғасыры мәселелерімен тұрақты айналыса бастады. 1998–2001 жж. РҒА Сібір бөлімшесінің (Новосибирск қ.) «Археология және этнография» ҒЗИ палеолит секторында тағылымнан өтіп, «Археология» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды және 2006 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады. Қорғаудан кейін, өзі қатысқан археологиялық экспедициялардың нәтижелері бойынша 70-ке жуық мақала жазып, оларды түрлі басылымдарда жариялады. 2006–2007, 2009–2011 жж. Искаков Ғани Тынысбекұлы Ясауи атынд. ХҚТУ-нің археология, этнология және дінтану кафедрасының меңгерушісі, 2013–2016 жж. әл-Фараби атынд. ҚазҰУ-нің тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музейтану кафедрасының доценті қызметін атқарды. Кейіннен Түркістанға қайта ауысып, «Әзірет-Сұлтан» музей-қорығында бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары болды. Соңғы жылы Ясауи атынд. ХҚТУ-нің археология ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. Қайда жұмыс атқарса да өзін тек жақсы жағынан таныта алған жан. Ол өте парасатты адам.

Библиографиялық сілтемелер

-

Загрузки

Опубликован

2019-09-16

Қалай дәйексөз келтіруге болады

Таймағамбетов, Ж. (2019). ҒАНИ ИСКАКОВТЫҢ СОҢҒЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ (13.01.1970–23.06.2019). Қазақстан археологиясы, (3 (5), 153–161. https://doi.org/10.52967/akz2019.3.5.153.161

Aynı yazar(lar)ın dergideki en çok okunan makaleleri